Украина футбол премьер-лигасы чемпионатты тоқтатты
КИЕВ. 24 ақпан. Украинаның футболдан премьер-лигасы чемпионатты тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы УНН хабарлады.
«Украинада соғыс жағдайы енгізілуіне байланысты Украина премьер-лигасы чемпионатты тоқтатады», – делінген хабарламада.
Украина құрамасының капитаны, ағылшынның «Вест Хэм» командасының вингері Андрей Ярмоленко Украинадағы соғысқа байланысты Instagram-ға пост жазып, отандастарын бірігуге шақырды. «Мен әрбір украиналық азаматты бірігуге, елге берілгендігін көрстетуге, біздің армиямызды қолдауға шақырамын. Біздің күшіміз – еркіндікте, сайлау құқығында, адами құндылықтарды құрметтеуде. Біздің таңдауымыз – Еуропа тектес Украина. Біз – күшті ұлтпыз, біз өз жерімізде отырмыз, шындық біздің жағымызда», – деп мәлімдеді Ярмоленко.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресейдің Украинаны басып алу соғысының басталып кеткенін мәлімдеді.
Қарулы күштер бас штабындағылар елдің шығысындағы бірқатар аэродромдардың зымыран-бомбы соққысының зардабын шеккенін баяндады.
Ресей Украинаның Луганск, Сумы, Харьков, Чернигов және Житомир облыстары жерлеріндегі мемлекеттік шекарасына шабуыл жасауда.
Әлеуметтік желідегілер қазір украинның Азау теңізі жағалауындағы қалаларында Ресейдің Қара теңіз флоты десанттық операциялар жүргізіп жатқанын жазуда. Украинаның бірқатар қалаларынан атыс даусы естілуде.
Украин журналисі Андрей Цаплиенко Ресей әскерлерінің қанатты және баллистикалық ракеталармен атқылағанын жазды.