Ресей Украинаға «Беларусьтің қолдауымен» шабуыл жасап жатыр
ТБИЛИСИ. 24 ақпан. Ресей Украинаға бастаған соғысын «Беларусьтің қолдауымен» жүргізіп жатыр. Бұл туралы NewsTbilisi хабарлады.
«Ресей Украинаның Луганск, Сумы, Харьков, Чернигов және Житомир облыстары жерлеріндегі мемлекеттік шекарасына шабуыл жасауда», – делінген хабарламада.
Украина шекара қызметінің келесі мәліметінше, шабуыл зеңбіректерді, ауыр техникалар мен атыс құралдарын қолдану арқылы, сондай-ақ Беларусь Қарулы күштерінің қолдау көрсетуімен жүріп жатыр.
«Украинаның мемлекеттік шекарасы Ресей әскерлерінің соққысы астында қалды. Сағат 5.00 шамасында Украинаның Ресей Федеациясы мен Беларусь Республикасы аудандарындағы мемлекеттік шекарасы Беларусьтің қолдауына сүйенген Ресей әскерлерінің шабуылына ұшырады. Шекара бөлімшелеріне, шекаралық жабдықтар мен бақылау-өткізу бекеттеріне шабуыл жасау жүріп жатыр. Бұл Луганск, Сумы, Харьков, Чернигов және Житомир облыстарының шеңберінде өтуде. Бұдан басқа, Қырымнан да шабуыл жасалуда. Украина Қарулы күштері мен Украина ұлттық ұланы шекарашылармен бірге шекара учаскелеріндегі жағдайға қарай дұшпанға қарсы оқ атуда. Қазір шекарашылар арасындағы жарақат алғандар анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы: «Бүгін, 24 ақпан күні сағат 5:00-те Ресей Қарулы күштері біздің шығыстағы бөлімшелерімізді тоқтаусыз атқылауға кірісті, Бориспольдегі, Озерныйдағы, Кульбакыдағы, Чугуевтегі, Крамоторскідегі, Чернобаевтағы аэродромдарымызды, сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің әскери нысандарын ракетадан атқылады. Сол уақытта басқыншы жау Украинаның шекара бойындағы территориясы мен елді мекендерін артиллериядан атқылауды бастады», – деп хабарлады.
Осы кезде Днепропетров, Хмельницкий және Винница облыстарында әскери бөлімдер мен қоймалар отқа оранып жатыр.
Басқыншылар Луганск облысында екі селоны басып алып, Луцкідегі телемұнараны жарып жіберді.