Германияда Назарбаевтың сарайларын алып қою әрекеті басталды
БЕРЛИН. 19 ақпан. Германияның Баден-Вюртемберг федералды штатының Ландтаг (жергілікті парламент) өкілі Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына тиесілі Баден-Бадендегі сәнді жылжымайтын мүлікті тәркілеуге шақырды. Бұл туралы Opda.kz хабарлады.
Бастаманы бастаманы Германия социал-демократиялық партиясының (СПД) өкілі Йонас Вебер көтерді.
«Мен сіздерді және сіздердің штат үкіметін Баден-Вюртемберг автократтар мен олардың мүлкінің орталығына айналмауы үшін барлық мүмкін шараларды, соның ішінде тәркілеуді қабылдауға шақырамын. Менің ойымша, бұл, ең алдымен, өз Отанындағы демократиялық күштердің алдындағы парызымыз», – деді Вебер.
Тергеу нәтижелеріне сүйенсек, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур мен ортаншы қызы Динара Құлыбаева, сондай-ақ оларға қатысы бар фирмалар Баден-Баден мен оның төңірегіндегі сәнді жылжымайтын мүліктерге жүз миллион еуро инвестиция салған. Инвестициялар 10 жыл ішінде, демек, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті болған кезінде салынған.
Неміс саясаткерінің пікірінше, Назарбаевтар отбасы сатып алған Баден-Баден маңындағы тарихи Бюлерхё замок-отелін тәркілеу мәселесі ерекше өзекті. Мемлекеттік маңызы бар ескерткіш болып табылатын бұл отель бір кездері канцлер Конрад Аденауэрдің сүйікті демалыс орны болған.
Баден-Вюртемберг жер заңнамасында сәулет ескерткіштері иелерінің әрекетсіздігі салдарынан жойылу қаупі төнсе, оларды тәркілеу мүмкіндігі қарастырылған. Отель иелері Тимур Құлыбаев пен оның әйелі Динара нысанды сатып алуға 20 миллион еуродан астам қаржы салғаннан бөлек, оны жаңғыртуға қосымша ақша ұмсамады. Аймақтың көрнекті туристік орны 10 жылдан астам уақыт бойы жабық тұр.