ДХР билігі жұрттың жаппай Ресей көшіп жатқанын айтты
ДОНЕЦК. 19 ақпан. Өзін өзі жариялаған Донецк халық республикасының жетекшісі Денис Пущилин облыс халқының Ресейге жаппай көшіп жатқанын жария етті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Республика елді мекендерін атқылаға кезде біздің азаматардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Сондықтан бүгіннен бастап халықтың РФ-ға жаппай көшіуі ұйымдастырылды», – деп мәлімдеді ол өзінің видеоүндеуінде.
Оның айтуынша, «көшуге бірінші кезекте әйелдер, балалар және қарт кісілер жатады».
«Дұрыс шешімге құлақ асуды өтініп сұраймыз. Уақытша кете тұру сіздер мен сіздердің жақындарыңыздың өмірлерін сақтайды», – деді Пущилин.
Ол сондай-ақ ДХР халқын күтіп алып, орналастыру жөнінде Ростов облысының басшылығымен келісім барып алға тартты.
Дәл осындай қадамдардың өзін өзі жариялаған Луганск халық республикасында да жасалатынын оның басшысы Леонид Пасечник баяндады.
Денис Пущилиннің айьуынша, Украина президенті Володимир Зеленский жақын күндері Донбасқа шабуыл жасау жөнінде жарлық бермекші.