Германия Украинаға 3 млрд еуро көлемінде шұғыл ақша беруді ұсынды

БЕРЛИН. 2 наурыз. Германия Украинаға 3 миллиард еуро көлеміндегі әскери көмектің бұғатын тез арада алып тастауға шақырды. Бұл туралы UNIAN дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Германия экономика министрінің айтуынша, Украинаға бұл ақша бірінші кезекте әуе қорғанысының жаңа жүйелеріне тапсырыс беру үшін қажет.
Германия сондай-ақ Украина қарулы күштеріне әскери көмек көрсету үшін ресейлік активтерді пайдалануды қарастыруда
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина лидері Володимир Зеленський арасындағы жанжалды кехдесуден кейін Германияның экономика министрі Роберт Хабек өз елі мен Еуропаны тез әрекет етуге шақырды.
«Германия мен Еуропа Украинаның жанында тұр. Біз оның құлауына жол бермейміз, Украинаға қажетті қолдау көрсету үшін қысқа мерзімде қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», – деді ол Der Spiegel журналына берген сұхбатында.
Атап айтқанда, ол Украинаға үш миллиард еуро көлемінде қару-жарақ пакетін бөлуге шақырды.
Tagesschau Рождествоның алдында Германияның бұрынғы канцлері Олаф Шольцтың бұл жоспардан бас тартып, оны бұғаттап қойғанын еске алды.
Сонымен бір мізгілде Габек бұл үш миллиард еуроның енді бірінші кезекте Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне тапсырыс беруі үшін бөлінуі керек екенін атап өтті.
Германия экономика министрі сондай-ақ бұғатталған ресейлік активтерді Ресей Федерациясына қарсы соғыста Украинаға көмектесу үшін пайдалануға болатынын да атап өтті.
«Еуропа өз қауіпсіздігі үшін көбірек әрекет етуі керек. Ол бұл үшін бар жігері мен күшін жинауы керек. Бұл ойын емес»6 – дегенді қосты Габек бұған.
Бұған дейін Зеленський мен Трамп арасындағы жанжалдан кейін Германия басшыларының түгелдей Украинаны қолдағандары хабарланған болатын. Олар Украинаға көмектесетіндерін атап өтіп, бұл сұрапыл сойқан соғыста агрессор мен құрбанды ешқашан шатастырып алмау керектігін ашып айтты.
Сонымен бірге, Зеленський мен Трамптың кездесуіне дейін Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок Америка президентінің Украинаға қатысты саясатының Америка Құрама Штаттары үшін салқыны болатынын мәлімдеген болатын.