Германия Украинаға қорғаныс жүйесін жеткізуді үш есе күшейтеді

БЕРЛИН. 10 наурыз. Германия Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жеткізуді үш есе көбейтеді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина алманның IRIS-T әуе қорғаныс жүйесін өндіруші Diehl Defence компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Украина қорғаныс министр Рүстем Умеровтің мәлімдеуінше, аталмыш келісімге сәйкес Украинаға зымыран мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізу үш есеге артады.
Министр елдің аспаны мен қалаларын қорғау басты міндет екенін атап өтті. Жасалған келісім Украинаның әуе қорғанысын нығайтуға бағытталған ауқымды өнеркәсіптік жобаларға мүмкіндіктер ашады.
Құжатта елдің қорғаныс қабілетін айтарлықтай нығайта түсетін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен зымырандарды жеткізуді үш есеге арттыру қарастырылған.
Қорғаныс министрі Diehl Defense компаниясына қолдау көрсетуі және ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғыс айтып, әлемнің жетекші қорғаныс компанияларымен серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.
Айта кету керек, 2023 жылы Diehl Defence Ресейдің Украинаға қарсы соғысынан туындаған өскелең сұранысты өтеу үшін IRIS-T әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің өндірісін айтарлықтай ұлғайтатынын жариялады. Компания 2025 жылға қарай кем дегенде сегіз жүйені шығаруға ниетті екенін мәлімдеді.
Бұдан бұрын Dialog.ua хабарлағандай, Швеция, Литва және Ирландия Украинаның әуе қорғанысын Giraffe радарларымен, Tridon зеңбіректерімен және RBS 70 зымырандарымен нығайтуға уәде берген еді. Ал ақпан айының соңында Швеция үкіметі Украинаға жаңа әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуға 113 миллион доллар бөлетінін жариялады.
Өз кезегінде Норвегия Украинаға берілетін 78 миллион долларға АҚШ-тан қосымша әуе қорғаныс жүйелерін сатып алмақшы болып жатыр.