Британия өз азаматтарын Украинадан тез кетуге шақырды
ЛОНДОН. 14 ақпан. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі қазіргі күндері Украинада жүрген өз азаматтарының бұл мемлекеттен тез кетулері тиіс екенін айтады. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
Министрлік мұның Ресей басқыншылығының жақын күндері басталып кетуі ықтимал екендігімен түсіндірді.
Бұдан алдын тап осындай мәлімдемемен АҚШ билігі де шыққан еді. Содан кейін Штаттар үлгісімен сондай үндеуді Израиль, Корея және Еуропаның барлық дәулеттері жариялады. Батыс БАҚ-тарының мәліметінше, президент Владимир Путин Украинаға басып кіруді бастау жөніндегі шешімді қабылдап қойған.
АҚШ президенті Джо Байден өткен аптадағы бейсенбі күні кешке Эн-би-си телеарнасына берген сұхбатында «АҚШ азаматтарының Украинадан тура қазір кетулері керек» екенін атап көрсеткен еді. «Біз әлемнің ең ірі армияларының бірімен бетпе-бет келгелі тұрмыз… Бұл ессіз айналымның өте шұғыл іске қосылып кетуі әбден мүмкін», – деді Байден сонда.
Кейінірек Канаданың сыртқы істер министрі Мелани Жоли де өз елінің азаматтарын Украинадан жедел кетіп қалуға шақырды.
Батыс елдері Ресейдің Украинаға шабуыл жасау мәселесі әлдеқашан шешіліп қойғанына имандай сеніп отыр.