Байден Ресейдің Украинаға шабуыл жасайтын күнін айтты
ВАШИНГТОН. 13 ақпан.АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға қай күні шабуыл жасағалы отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Politico газеті хабарлады.
Ақ үйдің егесі мұны 11 ақпанда Батыс елдері, Еуропалық одақ пен НАТО басшыларымен өткізілген бейнеконференция барысында айтты. Ол бұл күнді 16 ақпан деп атап отыр.
Аталмыш басылым сондай-ақ америкалық шенеуніктердің сөздеріне сілтеме жасай келіп, «Ресей 16 ақпанда Украинаға күш-қайрат көрсету шабуылын бастайды» деп жазды. Бірақ бұл мәлімдемелердің дәлелі жарияланымда атап көрсетілмеген екен.
«Еуропалықтар картинаны басқаша көріп тұрғанын айтты. Ұлыбританиялық шенеунік 16 ақпан айтылғанда, «біздегі ақпар басқаша» деді. Еуропалық Одақтың екі дипломаты да бұған күмәнмен қарады. Біреуі «Олар әлі де мұндайдан бас тартады деді», – делінген басылым хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан алдын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің Украинаға кез келген уақытта тұтқиылдан басып кіруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.