Башқұрт мәдениеті мен рухани мұра жылының тұсаукесері өтті
ӨФӨ.13 ақпан. Башқұртстан астанасындағы «Башкортостан» мемлекеттік концерт залының кіші залында Бүкіл әлем башқұрттарының құрылтайы биылғы жылдың негізгі бағыттары мен оқиғаларын талқылады. Бұл туралы «Башинформ» хабарлады.
Қазіргі уақытты ұсынылған жобалар тексеріліп жатыр.
Шара Башқұртстанның халық әртісі Азат Айытколовтың жетекшілігіндегі қурайшылар ансамблінің башқұрт халқының ресми емес гимніне айналған «Оралым» халық әнін орындауымен ашылды. Қатысушыларды Башқұртстан басшылығы атынан Үкімет премьер-министрінің орынбасары Азат Бадранов құттықтады.
«Бүкіл әлем башқұрттарының құрылтайы жұмысында оң және конструктивті тәжірибе байқалады. Міне, ол үшінші жыл жаңа форматта, жеке тақырыпқа, тілге, тарихқа, мәдениетке арналып өтуде. Сонымен бір мезгілде жұмыс тек декларациямен ғана тоқталып қалмай, істің жоспары түзіліп, барлық көрсетілген шаралар жүзеге асуда. Бүгін мұнда ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері болғандары өте қуанышты, бұл республиканың жалпы ұлтаралық балансы мен тұрақтылығын, көп ретте халықтар достығы жағдайындағы башқұрт мәдениетін аңдатады», – деп атап өтті Азат Бадранов.
Шараны Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаты, Бүкіл әлем башқұрттары құрылтайы президиумының райысы (төрайымы) Эльвира Айытколова жүргізді. «Бүкіл әлем башқұрттары құрылтайының бастамасымен өткерілген Башқұрт мәдениеті һәм рухани мұрасы жылы Владимир Путин жария еткен Ресей халықтарының мәдени мұрасы жылымен тұспа-тұс келеді», – деп атап өтті ол.
Бүкіл әлем башқұрттары құрылтайы басқарма комитетінің төрағасы Юлдаш Йосопов Башқұрт мәдениеті мен рухани мұрасы жылының негізгі шаралары туралы сөз сөйледі. «Жылдың басты өзгешілігі – олардың жаңа бастамаларына, башқұрт халқының бай рухани мұрасына шығармашылық көзқарас ашықтығы», – деп атап өтті ол. Бұл орайда кәсіпқойлар, осы саланың өздігінше қызметкерлері, студент жастар, мектеп оқушылары үшін шығармашылық конкурстары ұйымдастырылады.
Башқұртша түпнұсқасы:
Өфөлә Башҡорт мәҙәниәте һәм рухи мираҫ йылының презентацияһы үтте
Бөтә донъя башҡорттары ҡоролтайы «Башҡортостан» дәүләт концерт залының бәләкәй залында исемле йылдың төп йүнәлештәрен һәм ваҡиғаларын билдәләне. Әлеге ваҡытта тәҡдим ителгән проекттар тикшерелә.
Сара Башҡортостандың халыҡ артисы Азат Айытҡолов етәкселегендәге ҡурайсылар ансамбле башҡарыуында башҡорт халҡының рәсми булмаған гимнына әүерелгән «Уралым» халыҡ йыры менән асылды. Ҡатнашыусыларҙы Башҡортостан Башлығы исеменән Хөкүмәт премьер-министры урынбаҫары Азат Бадранов сәләмләне.
«Бөтә донъя башҡорттары ҡоролтайы эшендә ыңғай һәм конструктив тәжрибә күҙәтелә. Бына өсөнсө йыл яңы форматта, айырым темаға, телгә, тарихҡа, мәҙәниәткә арнап үткәрелә. Шул уҡ ваҡытта эш декларацияла ғына туҡталып ҡалмай, эш планы төҙөлә, бөтә күрһәтелгән саралар уҙғарыла. Бөгөн бында милли-мәҙәни берләшмәләрҙең вәкилдәре булыуы бик ҡыуаныслы, был республиканың дөйөм милләт-ара балансын һәм тотороҡлоғон, күп осраҡта халыҡтар дуҫлығы шарттарында барлыҡҡа килгән башҡорт мәҙәниәтен сағылдыра», – тип билдәләне Азат Бадранов.
Сараны Рәсәй Федерацияһы Дәүләт думаһы депутаты, Бөтә донъя башҡорттары ҡоролтайы президиумы рәйесе Эльвира Айытҡолова алып барҙы. Бөтә донъя башҡорттары ҡоролтайы башланғысы менән үткәрелгән Башҡорт мәҙәниәте һәм рухи мираҫ йылы Владимир Путин иғлан иткән Рәсәй халыҡтарының мәҙәни мираҫ йылы менән тап килә, тип билдәләне ул.
Бөтә донъя башҡорттары ҡоролтайы башҡарма комитеты рәйесе Юлдаш Йосопов Башҡорт мәҙәниәте һәм рухи мираҫ йылының төп саралары хаҡында һөйләне. «Йылдың төп үҙенсәлеге – уларҙың яңы башланғыстарға, башҡорт халҡының бай рухи мираҫына ижади ҡараш асыҡлығы, тип билдәләне ул. Был йәһәттән профессионалдар, ошо өлкәлә үҙаллы шөғөлләнеүселәр, студент йәштәр, мәктәп уҡыусылары өсөн ижади конкурстар ойошторола.