Қызылордада бүлдіршіннің асқазанынан бір кило шаш шықты
ҚЫЗЫЛОРДА. 9 ақпан. Қызылордада дәрігерлер ота жасап, 4 жасар қыздың асқазанынан 1 кило шаш алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлады.
Бүлдіршіннің тәбеті болмай, ауруханаға ауыр жағдайда түскен.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургтары асқазан трихобезоары диагнозы бойынша қызға ота жасайды. Оның барысында шипагелер баланың асқазанынан салмағы 1 кило келетін бір уыс шаш алып шығады. Шаштың ұзындығы – 34 сантиметр. Аурухананың шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегенов бұған дейін сәбидің тәбеті болмай, ауруханаға ауыр жағдайда түскенін айтты.
«Тексеру және диагноз қою кезінде науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Сәбиге асқазан трихобезоары диагнозы қойылды. Дереу ота жасау туралы шешім қабылданды», – деді ол.
Операцияны хирург Әлімжан Төлегенов, анестезиолог Көркем Баекей, ассистент Самат Шуақбаев, медбике Ақмарал Бекташова жасап шыққан.