Жаһан

Өзбек жігіті ағылшын қызды келін етіп әкелді

Ұлыбританияда тұратын Джейн есімді жас қызы өзбекстандық Нуриллохонға тұрмысқа шығып, жігіттің қышлақтағы үйіне келін боп түсті. Бұл туралы Zarnews хабарлады.

Екі жас шетелде жүргендерінде танысыпты. Алайда, үйлену тойын Өзбекстанда өткізген. Онда өзбектің барлық ұлттық салт-дәстүрлері сақталған.

Жас жұбайлар қазір Ферғана облысындағы Эшонгузар қышлағында тұрып жатыр. Джейннің ата-анасы – Майкл мен Кристина олардың жұп құрып, отау тігулеріне қарсы болмапты. Екеуі қыздары тұратын елге жиі келіп тұрады екен.

Жігіттің анасы Мухаё келіні Джейнді еркелетіп, «Жәннат» деп атайтын көрінеді.

Джейн қазірдің өзінде өзбекше сөйлеп үйреніп алыпты. Ол өзінің өзбек салт-дәстүріне де үйреніп алғанын айтады. Жас келін азанда ерте тұрып, әулені сыпырады, су сеуіп, жан-жағын реттейді. Содан кейін өзі үйреніп жүрген өзбек тағамдарын әзірлейді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button