«Алматы түбінде жүз жауынгер жанып кетті» деген не қауесет?
АЛМАТЫ. 17 қаңтар. Оңтүстік мегаполисте орын алған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Алматы түбінде жүз жауынгердің отқа оранғаны жайлы сұмдық сыбыс тарады. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.
Қауесетте Қорғас жақтан мегаполиске көмекке келе жатқан жүз солдаттың тірілей жанып кеткендері айтылды.
«Егер ауыл басшысы мен оның тұрғындары болмағанда, бұл сұмдық қауесеттің шындыққа айналып кетуі де мүмкін еді», – деп жазады газет тілшісі.
Оқиға 5 қаңтар күні кешке орын аалған. Сол күні Алматы – Қорғас трассасының «Төңкеріс» ауылы (оңтүстік астанадан 20 шақырымнан сәл астам жерде) тұсындағы бөлігін бір топ белгісіз біреулер жауып тастайды. «Төңкерістің» бір тұрғыны басылым тілшісіне баяндап бергендей, сосын ауылдың бір топ жігіті жолда не болып жатқанын біліп, жағдайды реттемекші болып, сонда қарай беттейді.
Трассаның дәл ортасына мемлекеттік нөмірлері жоқ 4 машина қойылыпты. Олардың алдында Жаркент гарнизонынан екі жүз солдатты алып келе жатқан 6 жүк көлігі тұр. Барлығы толық қару-жарақты.
«Ашынып алған топ әскерилерді ілгері қарай жібермеуге қатты бекінген сияқты. Олардың бірқатары тіпті КамАЗ машинасының маңдайша терезелерін ұрғылап, көліктерге бензин құя бастады. Бақытымызға орай, олардың әрекеттерінен түк шықпады, машиналар жана қоймады жақсы. Біз өз ауылдастарымыз үйлеріне қарай өтулері үшін жолды ашуға тарыстық. Бірақ наразы топ бұған келіспеді. Олар жүк көліктерінің дөңгелектерін тесіп тастауға тырысты. Сол кезде Панфилов округінің әкімі Серік Шалов келді. Ол көмекшілерінсіз бір өзі келді», – деді әңгімеші.
Шенеунік бірден қалың топтың ортасында қалған. Одан мұндағылар: «Сен кімсің?» деп сұрайды. Ол сенімді түрде: «Мен әкіммін» дейді.
Сол кезде дүрбелең басталып кетеді. Топтағылар «Бізге әкімнің не керегі бар?» деп айқайлайды.
«Біз жігіттермен бірге әкімнің қасына келіп топтасып тұрдық. Сол кезде арандатушының бірі Шаловқа пышақ салып алмақшы болды, бірақ мен оны итеріп үлгердім», – деді әңгімеші.
Әкім сонда да олардан қорқа қоймапты. Ол жолды жапқандарды әңгіме шақырып, ақырын тыныштандыра келіп, олармен келіссөз жүргізуге көшеді. Келіссөз үш сағатқа созылады.
«Осыдан кейін әскерилердің бес машинасы өткізілді. Бірақ наразы топ олардың бірін кепілдік ретінде қалдырып кетуді талап етті. Командир өз жауынгерлерін тастап кете алмайтынын айтты. Ол солдаттардың Алматыға емес, Ілеге бара жатқанын айтып сендірді», – деді мәнбе.
Серік Шалов бұдан ары келіссөзді жалғастырады. Оның үгітімен ақырында ашынған топ әскерилерді босатады. Солдаттар аман-есен өтеді, олардың қолдарындағы қарулар да топ қолына түспейді. Ал Шаловтың өзі әскерилерді Жаркентке дейін апарып салады.
Куә кісі сондай-ақ наразылар арасында өз ауылдастары болмағанын да айтады. Бірақ оларды қайрап жүрген арандатушылар кездескен. Ал әскерилер келген кезде олар зытып кеткен.
«Біз қаңтардың 9-ына дейін жол бойын күзетіп тұрдық. Әр күні түннен таңғы сағат 8-ге дейін», – деді ауыл тұрғыны.