Өткен тәулікте Алматыда екі мыңнан астам адам ұсталды
АЛМАТЫ. 14 қаңтар. Өткен тәулікті құқық қорғаушылар Алматыда заңсыз акцияларға, мародерлікке және басқа да қылмысқа қатысты деген күдікпен екі мыңнан астам адамды ұстады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Барлығы заңсыз акцияларға, мародерлікке және басқа да қылмысқа қатысты деген күдікпен 2 159 адам ұсталды. Барлығы 67 отты қару мен 3 112 қару-жарақ алынды», – делінген комендатураның жедел хабарламада.
Антитеррорлық операциялар қаланың Жетісу және Наурызбай аудандарында жүргізілген.
Қазақстанда наразылық толқыны 2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында басталды. Ол сығымдалған газдың негізсіз екі есеге көтеріліп кетуінен туды. Бұдан кейін оларды Ақтау қаласының тұрғындары қолдады. Мұның артынша Атырау, Ақтөбе және Орал қалалары көтерілді. Бұдан кейін бағаның өсуіне қарсылық білдірушілер қатарына Қызылорда, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Астана және Алматы қалаларындағы жұрттар қосылды.
Бірақ бұлардың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетті.
Қаңтардың 5-і күні президент Тоқаев халыққа үндеу арнап, сөз сөйледі. Ол осы кезде Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы лауазымын өз қолына алды.
Сол күні алғашқы қызмет алмастырушылықтар орын алды.