Корея президенттігіне үміткер Ресейден Қиыр Шығысты сұрады
СЕУЛ. 13 қаңтар. Корея президенттігіне кандидат Хо Ён Гён Ресейден Қиыр Шығысты өз еліне жалға беруді сұрады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Сол кезде біз бұл аймақты гүл жайнаған өлкеге айналдырамыз», – деді ол.
Үміткер сонымен бірге сайлауда жеңіске жеткен жағдайда осы мәселемен түбегейлі шұғылданатынын мәлімдеді.
Корей саясаткерінің айтып отырған атырабы орасан зор аумақты алады. Бұлардың қатарына Сахалин, Амур бойы, Хабаровск, Магадан, сондай-ақ Чукотка мен Камчатка жатады.
Хо өзінің сөзінде қазір «бұл жерлерде корейлердің көптеп тұрып жатқанын» келтірді.
«Бізге осы жерлерді Ресейден жалға алу керек, біз онда Пусан – Владивосток бағытында экономикалық белдеу жасаймыз», – деді Хо Ён Гён сенімді түрде.
Оның айтуынша, өзінің көлемі жағынан Кореяны бірнеше рет орап алатын бұл аймақтарда «соя мен бидайды қосып есептегенде, ауыл шаруашылығы дақылдарының алуан түрін өсіруге болады», ал мұның өзі «екі жақ үшін де зор тиім әкеліп, екі жақты қарым-қатынасты нығайтады».
Хо бұдан бөлек, орыстың Қиыр Шығысда атом электр станциясын салса жаман болмайтынын жеткізді. Бұл Кореяның электр қуатына деген сұранысын толық өтейді.
«Егер біз Ресейдің шығысын дамытатын болсақ, ол өте үлкен табыс пен экономикалық артықшылық алып берер еді. Біз бұл жерлерді өмірлік маңызы бар дамыған аймаққа айналдыра аламыз»,. – деп санайды саясаткер.
Рас, алдағы сайлауда Хо Гён Ён мырзаның жеңіске жетуге ешқандай мүмкіндігі жоқ көрінеді. Оны сарапшылар «саяси өлікке» санайды. Саясаткер 1997 жылы да президент сайлауына қатысқан екен. Онда небәрі 0,15 пайыздық дауыс алыпты.