Жаңалықтар жаңғырығыТаным
Ғалымдар қан қысымын реттейтін сусынды атады
ОТТАВА. 31 желтоқсан. Ғалымдар қан қысымын қалпына келтіріп, қандағы холестерин деңгейін төмендететін сусынды тапты. Бұл туралы Daily Express хабарлады.
Канададағы Лаваль университеті оқымыстыларының тұжырымынша, мүк жидегінен (клюква) жасалған шырынды тұрақты ішіп тұру осыны қамтамасыз етеді. Себебі, бұл су сусын жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын жақсартып, оның науқасқа ұшырау қаупін азайтатын антиоксидтер мен басқа да заттарға бай келеді.
Ғалымдар өздері жүргізген ғылыми жұмыста 45 зерттеудің нәтижесіне сүйенген. Олар аталмыш сусынды тұрақты ішіп тұрған адамның қан қысымы ретке келетініне көз жеткізген. Дәл осындай қасиеттер шие шырынында да бар екен.
Жұмыстың нәтижесі «European Journal of Nutrition» журналында жарияланған.