Қызылорда облысында мектеп қазандығы жарылып кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. 11 қазан. Бүгін таңертең Қызылорда облысындағы орта мектептердің бірінің бу қазандығы жарылып, ол тұрған ғимарат жермен-жексен болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасына сүйенген rast.kz хабарлады.
Оқыс оқиға Қазалы ауданына қарасты «Тасарық» ауылындағы №238 мектепте орын алған. Жарылыс азанғы сағат 8-ден 15 минут өткен кезде жасалған. Осы кезде мектеп ғимаратында оқушылар оқып жатқан.
Департамент мамандарының түсіндіруінше, мектептен 50 метр қашық орналасқан қатты отынмен жылытылатын бу қазандығы тұтанусыз жарылып кеткен. Осының салдарынан баспананың 64 шаршы метрлік қабырғалары мен жабының бір бөлігі қирап түскен.
Оқиға орайында көлденең зардап шеккендер жоқ. Алайда, көргендердің айтуларынша, жақын маңдағы бірнеше үйдің терезелері сынып қалыпты.
Қираған қазандықтың үйінділерін жинастыруға мектеп жұмысшылары қатарынан 15 адам және 1 техника бөлінген. Олар өздеріне тапсырылған жұмыстарды істеп жатыр.
Оқиға орнына облыстық ТЖД 2 қызметкерімен және 1 техника бірлігімен барған.