Австрия канцлері пара күдігімен отставкаға кетті
ВЕНА. 10 қазан. Австрия канцлері Себастьян Курц өзіне пара алды деген күдік көлеңкесі түскесін өз еркімен қызметтен кететінін жариялады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Агенттіктің жазуынша, Курц енді Австрия халық партиясының басшысы ретінде парламент депутаты болып жұмыс жасайды.
«Қазір тұрақты қарым-қатынастар қажет, сондықтан осы кезде қалыптасып отырған тұйықтан шығу үшін атқарып отырған лауазымымнан кетіп, мен командамнан Халық партиясындағы жұмысымды жалғастыруды сұрадым. Партияның төрағасы ретінде федеральды президентАлександер Шалленбергке үкіметтің жаңа басшысының кандидатурасын ұсындым», – деді саясаткер.
Бұдан алдын Австрия прокуратурасы пара алу мен қызметтік қылмыс жасады деген айып бойынша тергеу бастағаны мәлім болды. Оның офисінде тінту жүргізілді.
Курц 2017 жылы канцлер болған еді. Ол өзіне таңылған айыптың бәрін жоққа шығарып отыр.
Алдағы сейсенбі күні Ұлттық кеңес – Австрия парламентінің төменгі палатасында кезектен тыс отырыс өткізіледі. Онда Азаттық партиясы Себастьян Курцқа сенімсіздік білдіру үшін дауыс беруге шақырып отыр.