Шойгу Ресей үшін ең сұмдық қатердің не екенін айтты
МӘСКЕУ. 6 қыркүйек. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу өз елі үшін қазіргі заманғы ең сұмдық қатердің не екенін айтып берді. Бұл туралы «Советская Россия» хабарлады.
Сергей Шойгу Ресей үшін дабыл қағатын жағдай ретінде елдің іштен іруі, іштен бұзылуы екенін білдірді. «Ойлар аумағы» Бүкілресейлік жастар білім форумында сөйлеген сөзінде ол сыртқы қауіпті түсініп, қабылдауға болатынын, неден қатер барын білуге болатынын сөз етті.
«Біз сыртқы жаулардың немен қаруланғандарын, оған қалай қарсы тұру керектігін, қалай күресуге болатынын білеміз», – деді ол.
Министр сонымен бірге бұдан да гөрі сұмдық қауіпті нәрсе бар екенін, оның соңғы жылдары, тіпті онжылдықтарда ел үшін негізгі қауіпті төндіре бастағанын атап өтті. Оның ойынша, бұл – елдің ішіндегі қатер. «Бұл елдің ішінде қоғамды біртіндеп ірітіп, бүлдіріп, бұзуға бағытталған», – деді Шойгу. Мұнымен күресу оңайға түспейді.