Француз актері Жан-Поль Бельмондо қайтыс болды
ПАРИЖ. 6 қыркүйек. Бүгін француздың әлемдік деңгейдегі актері Жан-Поль Бельмондо 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Франс Пресс хабарлады.
Өлімнің себебі әзірге айтылып жатқан жоқ.
Жан-Поль Бельмондо 1933 жылы Францияда париждік мүсінші Поль Бельмодоның отбасында дүниеге келген. Оның кинодағы дебюті 1957 жылы «Мольер» деген фильмге түсуден басталды. Бірақ оның қатысқан эпизодтары кейін картинаның өзі жарыққа шығар алдында алынып тасталды.
Актердің даңқы режиссер Жан-Люк Годардың 1959 жылы экранға жолдама алған «Соңғы дем шығарда» деген лентасындағы ролі арқылы шықты. Бельмондо сондай-ақ «Кәсіпқой», «Чочара», «Әйелдің аты – әйел», «Доктор Поль», «Таңғажайып», «Ақылсыз Пьеро» секілді картиналарға түсті. Әртіс барлығы 80-нен астам образды жасады.
1989 жылы актер «Тағдырдың еркесі» фильміндегі ролі үшін «Сезар» сыйлығын алды. 2011 жылы Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағына» қол жеткізді.