Ауғанның 22 ұшағы, 24 тікұшағы Өзбекстан шекарасынан өтіп кетті
ТАШКЕНТ. 18 тамыз. Тамыздың 14-15-і күндері Ауғанстанның 22 әскери ұшағы мен 24 әскери тікұшағы Өзбекстан әуе кеңістігі тәртібін бұзды. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Өзбекстан шекарашылары оларды Термездегі халықаралық аэропортқа қонуға мәжбүр етті.
Республика бас прокуратурасының хабарламасына қарағанда, әуе кемелерінің борттарында Ауғанстанның 585 қарулы әскери қызметкері болған.
Атап өтілгендей, 15 тамызда Ауғанстанның үш «Эмбрайер-314» ұшағы Қаршидегі «Ханабад» әуежайына қонуға рұқсат сұраған. Олар Термездегі аэропортқа қонуға бұйрық алған. Оларды жеткізіп салу үшін әуеге екі «МИГ-29» ұшағы қоса көтерілген.
Алайда, Сурхандария облысының Шерабад ауданыда ауғанның бір ұшағы мен өзбектің бір истребителі бір-бірімен соқтығысып қалған. Осыдан кейін пилоттар дер кезінде жерге парашютпен секіріп үлгерген.