Арыстағы 300-ге жуық үй толық сүріледі
Түркістан облысының әкімдігінде Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, бүгінгі таңда Арыс қаласында 1 870, 4 827 құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 293 үй бұзылып, қайта салынады.
Естеріңізге сала кетейік, құрылыс жұмыстары барысын Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин қадағалайды.
Арыс қаласында қалпына келтіру жұмыстарына 207 компания, 7 037 қызметкер, 265 арнайы техника қатысуда.
Маусым айының соңында Арыс қаласында Қазақстанның оңтүстігінде төтенше жағдай орын алды. Жақын маңда орналасқан әскери бөлімде өрт басталды, содан кейін мұнда сақтаулы оқ-дәрілер жарылысы болды.
Нәтижесінде үш адам:бір азамат және екі әскери қызметші қаза тапты.
Арыс Шымкенттен 85 шақырым және Түркістаннан 168 шақырым жерде орналасқан.