Жаңалықтар жаңғырығы

Жамбыл облысында төрт адам жол апатынан қаза тапты

Шілденің 21-і күні таңғы 6 сағат шамасында Жамбыл облысының Қордай ауданында, «Қордай – Алматы» трассасының Соғанды ауылынан он шақырым жердегі бөлігінде жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адамның өмірін жұлып кетті. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі дерегіне сүйенген

Zakon.kz хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, Mercedes-Benz E 200 маркалы жеңіл автомашинаның айдаушысы рульде ұйықтап кетіп, алдында бара жатқан Mercedes-Benz 814 маркалы автокөліктің арт жағынан барып соққан. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан Mercedes-Benz E 200 жеңіл көлігіндегі төрт жолаушы оқиға орнында жантәсілім еткен, ал жүргізуші көптеген дене жарақатымен Қордай аудандық ауруханасына жеткізілген.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button