Жаңалықтар жаңғырығы
Бурабайда 16 жасар жасөспірім суға батып кетті
Ақмола облысындағы Бурабай ауданының Үлкен Шортанды көлінде 16 жасар бозбала суға батып кетті. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады.
Қайғылы оқиға 19 шілде күні орын алды. Бала бір топ спортшымен бірге Жамбыл облысынан «Жас құтқарушы» республикалық жарысына қатысу үшін келген. Сайыс аяқталғаннан кейін болған жеке экскурсия кезінде бір топ бала көлде суға түсіп алмақшы болады.
Жас жаттықтырушы бір кезде жасөспірімнің жоқ екенін байқағасын, дереу құтқарушыларды шақырады. Олар он минуттың ішінде судан тіршіліктің белгісі жоқ баланы алып шығады. Қазіргі таңда баланың туған-туыстары Бурабай ауданына келген.