Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Президент Мирзиеёв мәжілісті тоқтатып, Жураевты құттықтады

ТАШКЕНТ. 5 тамыз. Кеше Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв ауыр атлет Акбар Жураевтың Токиода алтын медаль алғанын естігенде, өткізіп жатқан жиынын тоқтатып, спортшыны құттықтады. Бұл туралы Aniq.uz хабарлады.

Өзбекстан президенті мінберде есеп беріп тұрған кезекті шенеунікті кілт тоқтатып, өзіне жеткізілген қағазға қарап шықты. Сосын онда жазылған жаңалықтың мазмұнын жеткізді.

«Ауыр атлетика бойынша Токиода «алтын» алынды, – деді ол жиналғандарға қарап. Сол-ақ екен, залда қол шапалақтау басталып кетті. – Біздің сайыпқыранымыз жиынтығында 430 кило көтеріп, Олимпиаданың рекордын жасап, чемпион атанды. Акбар Жураев».

«Құттықтаймын. Бұл біз үшін күш-құдырет, – деді Шавкат Мирзиеёв. – Біздің отыз жылдығымызға лайықты сыйлық. Ол бізге қатты күш-қуат береді».

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button