Жас жігіт той үстінде бұрынғы қалыңдығын да ала салды
ДЖАКАРТА. 4 тамыз. Индонезияда тұратын бір бойжеткен өзінің бұрынғы жігіті үйленіп жатқанын естігесін, тойына шақырусыз келіп, оның екінші әйелі бола салды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Asia One газетінің жазуынша, 20 жастағы Нур Хуснул Котимах өзі мен 20 жасар Корик Акбардың үйлену тойлары өтіп жатқан кезде Юанита Рури есімді бір бойжеткеннің шақырусыз келіп, жігітінен өзін екінші әйел етіп алуды сұрағанын айтып берген.
21 жастағы Рури 2016 жылы Корикпен танысқан екен. Содан кейін екеуі біраз уақыт махаббат құрып жүрген. Бір күні бұл қызды достары құттықтап келеді. Сөйтсе, олар Кориктің үйленгелі жатқанын әлеуметтік желіден біліп алып, оны Юанитамен бас қосқалы жатыр екен деп ойлап қалыпты. Мұны білген қыз дереу бұрынғы жігітін іздеп шығады…
Рури дәл тойдың үстінен түседі. Ол бірден Акбардан өзіне де қоса үйленуді, сөйтіп, екінші әйел етіп алуды өтінеді. Бұған қатты таң қалған жігіт көп ойланбастан, екі қызға қатар үйленуге шешім қабылдайды. Мұны ол алдымен отбасы мүшедерімен ақылдасып барып шешеді.
«Екі қалыңдықтың жасауы 1,75 миллион индонезия рупиіне (8,8 рубль) тең болды», – деді Корик соңынан.
Ол екі қызға бірден үйлену туралы шешім қабылдаудың оңай болмағанын айтты. Қазір өзі жұмыссыз болғандықтан, енді үшеуі үшін де жұмыс істеуіне тура келеді.