Ақаев жемқорлық дерегі бойынша жауап беру үшін Бішкекке келді
БІШКЕК. 2 тамыз. Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев жемқорлық деректері бойынша құқық қорғау қызметкерлеріне жауап беру үшін Бішкекке ұшып келді. Бұл туралы «Sputnik Кыргызстан» хабарлады.
Бұған дейін Қырғызстанның құқық қорғау органдары Асқар Ақаевқа халықаралық іздеу жариялаған болатын.
«Ақаев қазір Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) ғимаратында отыр. Онымен «Құмтөр» алтын кен орнын жасау кезінде орын алған жемқорлық деректері бойынша көтерілген қылмыстық істің жай-жапсары жайында әңгіме жүргізіледі», – делінген қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің парақшасында.
МҰҚК шілде айында «Құмтөр» ісі бойынша бұрынғы екі президент – Асқар Ақаев пе Құрманбек Бакиевтен жауап алынатынын мәлімдеген болатын. Тергеу сондай-ақ бұл іске Қырғызстанның кейінгі лидерлері – Алмазбек Атамбаев пен Сооронбай Жээнбековтің қатыстары болулары мүмкін екенін жоққа шығармады.
Қырғызстан бұл кезге дейін «Құмтөрде» жұмыс істеп келген Канаданың «Centerra Gold Inc» компаниясына 4,2 млрд доллар көлемінде қаржылай шағым білдірген болатын. Бұл қаржылар компанияның экология нормаларын орындамауы мен салық төлеуден жалтаруы негізінде жиналған. Бішкек сондай-ақ щетелдің кәсіпорын тірліктерінің тау басындағы мұздықтардың қозғалып, адамдар өліміне алып бару қаупін туғызып отырғанын растап отыр.
Асқар Ақаев Қырғызстанды 1990-2005 жылдары басқарды. Ол елде «қызғалдақ» революциясы басталған кезде кетіп қалды. Содан бері Мәскеуде тұрады.
Ақаев бүгін таңертең Бішкекке ұшып келді.
Ал Құрманбек Бакаев қазір Беларусь елін паналап отыр.