Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Ер кісі өзін жерлегелі жатқан кезде «тіріліп» кетті
БЕЙРУТ. 2 тамыз. Ливанның Бекаа провинциясындағы Әл-Хирмиль қаласында ер кісі өзін жерлегелі жатқан кезде орнынан тұрып кеткен. Бұл туралы «Daily Star» газеті хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, дәл жерленер алдында ер кісі табыттан тұрып кетіп, өзін қоршаған адамдарды қатты таң қалдырған.
Шілденің соңғы күні ливандық азаматтың туыстары мен жақындары оны жерлемек болып бейітке алып келеді. Олар кенет өліп жатқан адамның дем шығарып, қозғала бастағанын байқайды. Сол жерде оның жүрегі мен өкпесіне массаж жасалып, «жедел жәрдем» шақырылады.
Ер кісі сол бойда ауруханаға жатқызылады. Онда тіріліп кеткен кісіге тиісті медициналық көмек көрсетіледі.