Түркияда елді ресейлік туристер үшін жауып тастау ұсынылды
АНКАРА. 19 шілде. Түркия сарапшысы тұрғындар арасында жаңа «дельта» штаммымен ауырушылардың көбеюіне байланысты елге ресейлік туристерді келтірмеуді ұсынып отыр. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Түркия инфекционистер ассоциациясының президенті Мехмет Джейхан өзінің ойын «Gazete Oksijen» басылымына берген сұхбатында білдірген. Оның пікірінше, коронавирустың жаңа штаммын елге Ресей туристері әкеліп таратып жатқан көрінеді. Маман екі арада әуе қатынасы қалпына келтірілген кезде Ресейдің үнді штаммын барынша кеңінен таратып алып жатқан елдердің тізімінде тұрғанын атап өтті.
«Мәскеуде қазір күн сайын ауырушылар санының рекорды жаңартылып жатыр. Біз Ресей туристерін қабылдауға мүлде тиісті емес едік», – деді ол.
Джейхан Түркиядағы жағдайдың да жетісіп тұрмағанын айтты. Мұнда тәулігіне 5 мың адам ковид жұқтырып алуда. Бұған қоса, Түркияның денсаулық сақтау министрлігі «дельта» штаммының тарау деңгейін жұрттан жасырып отыр.