Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Зеленский орыстар мен украиндар бір халық емес деді

КИЕВ. 1 шілде. Украина президенті Володимир Зеленский Ресей мен Украина халықтарының жолдары екі бөлек деп есептейді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Украиндар мен орыстар – бір халық емес. Олардың әрбірінің өз жолы бар, – деп жазды ол бейсенбі күні Twitter-дегі парақшасына. – Бірақ біздің мақсатымыз біреу – соғысты тез аяқтап, украин территориясын қайтару болуы керек. Біздің территориямызды басып алып, Донбасс жерінде қанды қасап жасай отырып, сонымен бір мезгілде біртұтас халық туралы сөз қозғау мүмкін емес».

Зеленский сондай-ақ Киевтің НАТО мен Еуропа одағына кіруге ықыласы бар екенін тағы айтып өтті. «НАТО мен Еуропа одағы біздің тарихи таңдауымыз болып табылады», – деп атап өтті ол. Ол сонымен бірге Украинаның «өзінің ұлттық мүдделерін жүзеге асыруды қалай қамтамасыз ететінін өзі шешетінін» мәлімдеді. «Ал РФ-ның бұған қатысты мазасыздануы әдеқандай бір баланың қорқынышы сияқты», – дегенді қосты бұған Украина лидері.

Сәрсенбі, 30 маусым күні өткен жыл сайынғы дәстүрлі тікелей эфирі кезінде Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Ресейге дос емес елдердің тізіміне кірмейтінін айта келіп, украин және орыс нәсілдері тұтас бір халық дегенді соғып жіберген еді.

Путин сондай-ақ Зеленский «Украинаны сырттан басқарушылар қолына беріп қойды» деген айып та тақты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button