Картоппен қосып жеуге болмайтын азық түрі белгілі болды
БЕЙЖІҢ. 13 маусым. Қытайдың «Sohu» басылымы картоппен қосып жеуге болмайтын азық түрлерін атады. Бұл туралы «ИноСМИ» хабарлады.
Материалда картопта азықтық талшықтардың көп екені, оның асқазан-ішек жүйесінің жұмысына оң әсер беретіні айтылады. Оны пайдалану ағзадан токсиндерді шығаруға, сондай-ақ үлкен дәреттің жүрмеуінің алдын алуға көмектеседі. Аталмыш көкөніс теріні жақсартады, әйелдер ағзасындағы қышқылдың балансын ұстап тұрады, осылайша олардың сұлулығы мен жастығын сақтауға жәрдемдеседі.
Картопта балалар ағзасының өсуі мен дамуы, ересектердің қалыпты функциясын сақтауы үшін қажетті глюкозалар мен түрлі элементтер көп.
Алайда, картопты кейбір азық-түлік түрлерімен, мысалы, помидормен қосып жеуге болмайды. Мамандар қазір картопты қуырып жатқан кезде оған помидорды қосуға болмайтынын айтады, мұндай қосынды асқазанға кері әсер етіп, ішектің жұмысын бұзады.
Диетологтар жаңа бәдірендерге қосып қоюға болмайтын азық түрін атады. Олар бұған арахисті мысалға келтірді. Бұл ішті өткізіп, басқа да проблемаларға алып барады. Осылардың бірін жегеннен кейін бір сағаттай үзіліс жасап барып, екіншісіне көшу керек.