АймақЖаңалықтар жаңғырығы
«Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі құрылтай өткізеді
АРАЛ. 13 маусым. Жақында құрылған «Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі маусымның 21-22-сі күндері «Арал құрылтайын» өткізеді. Бұл туралы бірлестік басшылығының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Құрылтайдың күн тәртібіне «Экологиялық тазалық. Жасыл экономика. Экономикалық өркендеу» мәселесі қойылған. Онда Арал ауданы жерінде Қытайдың сода зауытын салуға қарсылық акциясы жасалады. Бұдан бөлек, Сырдария өзені бойында 6 су қоймасын салуға қарсылық шаралары қолға алынады, Арал өңірінде еркін экономикалық аймақ құруға ұсыныс дайындалады.
Жиынның модераторы – ұйымдастыру комитетінің төрағасы Көлбай Данабай.
Ұйымдастырушылар осыған орай Қазақстан мен Өзбекстанның экопартиясы өкілдерін осы жиынға шақырып отыр.