Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Армян жауынгерлері Әзербайжан шекарасын атқылады
БАКУ. 11 маусым. Бүгін Армения қарулы күштері Әзербайжанның Варденис ауданындағы Йухары Шорджа елді мекені тұсындағы позицияларын атқылады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Әзербайжан қорғаныс министрлігі осыған байланысты мәлімдеме жасады. Әзербайжан армиясының жеке құрамында қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.
Ведомство нақтылағандай, қазір бұл бағыттағы ахуал қалпына келтірілді, жағдайды республика әскерилері бақылауда ұстап отыр.
Армения мен Әзербайжан шекарасында ахуал 12 мамырда күрделене бастады. Сол кезде Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштерінің Сюник облысындағы шекара уччаскелерінің бірінде «шекараны нақтылау бойынша» белгілі бір жұмыстар жүргізуге әрекет жасағандарын баяндаған еді.