Қырғыз-тәжік шекарасының бойы қайта ушыға бастады
БІШКЕК. 19 мамыр. Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекаралары бойларында тағы жанжал туып кететіндей қауіп туып тұр. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.
Ендігі дабылды жағдай Баткен облысында емес, онымен шектес Ош облысы аумағынан орын алатын түрі бар. Атап айтқанда, осы облыстың Чон-Алай ауданы аумағындағы қырғыз-тәжік шекарасы маңында тұратын тұрғындар арасында қақтығыс бұрқ ете қалуы мүмкін. Қазір қырғыздар шекара сызығы қапталынан окоптар қазып жатқан көрінеді.
Мұны бүгін Қырғызстанның Жогорку кенешінде депутаттар көтерді. Олар 1999 жылы «Өзбекстан ислам қозғалысының» елге басып кіруі осылай басталғанын еске алды. Депутат Ақкулу Бердиев Тәжікстаннан келген содырларды әскер келгенше тұрғындарды қарумен қарсы алып, ішке жібермегенін айтты. Бірақ қазір Чон-Алай ауданында тұрғындар саны бұрынғыдан көп азайып кеткен. Сондықтан олар енді басып алушыларға қарсы тұра алмайды. «Ондағы жағдай Баткендегіден көп нашар болуы мүмкін», – деді ол.
Парламент спикері Талант Мамытов үкіметтің парламенттегі өкіліне депуттарға осыған байланысты ақпар дайындап беруді өтінді.