Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Бір келіншекті кезектесіп зорлаған алты еркек қолға түсті

ӘНДІЖАН. 19 мамыр. Өзбекстанның Әндіжан облысында 6 еркек бір келіншекті кезектесіп зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.

«Әндіжан облысында Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 118-бабы (зорлау) бойынша жас келіншекті топтасып зорлау жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Келіншек бұдан бес ай алдын Әндіжан облысының «Қорақалпоқ» деген махаласында (қишлоғында) тұратын бір жігітке күйеуге шыққан», – делінген хабарламада.

Әндіжан облыстық ішкі істер басқармасының дерегі бойынша, биылғы 3 мамырда О.О. деген азаматша құқық қорғау органдарына келіп, өзін сол күні «Қорақалпоқ» махаласының егістік даласында А.С. және О.М. деген екі еркектің зорлап кеткенін айтып, шағым түсірген.

Тергеу тобы оқиға орын алған жерге барып, оны видеоға түсірген. Сол жерде куәгерлерді сөзге тартып, зорлық оқиғасы жайында сұрастырған. Олар айғақты зат ретінде О.О.-ға тиесілі қызыл-қара түсті көйлекті және басқа да киімдерді алған.

Содан кейін сот-медициналық, сот-биологиялық, сот-физикалық және техникалық сараптамалары белгіленді.

Облыстық прокуратураның мәліметіне сәйкес, бұл қылмысты жасауға жастары 28-40 аралығындағы алты ер адамның қатыстары бар екені анықталған. Олардың бәрі де жас келіншекті зорлады деген күдікке ұшырады. Бәрі де үйлі-баранды. Бәрінің әйелдері бар. Қамалғандардың төртеуі – екі-екіден, тағы екеуі үш және төрт бала асырап. өсіріп отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button