Түрікменстан колонияларында нағыз аштық басталды
АШХАБАД. 8 мамыр. Түрікменстандағы бас бостандықтарынан айыру орындарында нағыз аштық басталды. Бұл туралы Turkmen.news хабарлады.
Портал хабарлағандай, қамауда жатқандар азық-түліктің жеткіліксіздігі мен содан туатын кеселдер салдарынан жаппай өліп жатыр.
«Колониядағы дүкендердің бәрінің сөрелері бос тұр, асханаларда тамақ барлық уақытта тапшы болып келді, – деді turkmen.news тілшісіне қамауда жатқандардың бірінің анасы. – Жақында мен ұлыммен сөйлесу мүмкіндігін алдым. Ол колониядағы жағдайдың өте ауыр екенін, тамақ та, дәрі-дәрмек те жоқ екенін айтты. Дүкендерден ауа сатып алмасаң, басқа ештеңе жоқ деді».
Лебап велаятының Сейди қаласындағы LB-K/11 (қатаң режим) және LB-K/12 (жалпы режим) колонияларында көп күннен бері жай ғана нанның өзі болмапты,
Қамаудағылар бұл жағдайда тек сырттағы туған-туыстарынан ғана көмек күте алады. Бірақ COVID-19 індетіне байланысты 2020 жылдың басынан бері сырттан зат алуға тыйым салыныпты. Ал сәуірдің басында бұған қайта рұқсат етіліпті. Әйткенмен, аймақтар арасындағы қатынас толық ашылып жолға қойылмағандықтан, жұрт колонияларға келе алмайды.
Биылғы наурыз айының соңында есірткі тасымалы үшін жазасын өтеп жатқан Түркия азаматы Озгур Куччукай аштықтан қайтыс болды. Оның денесі чартерлік рейспен Түркияға жеткізіліп берілді. Колониядағылар марқұмды онкологиялық аурудан қайтыс болды деген ұйғарым берген. Алайда, Озгурдың туған-туыстары бұл болжаммен мүлде келіспейді.
Түрікменстан билігі колонияларда жаппай аштық басталғанын жасырып отыр.