Жаңалықтар жаңғырығыТаным
Ресей халық санағында казактар жеке ұлт болып жазылады
ДОНДАҒЫ РОСТОВ. 2 сәуір. Ресейде биыл өтетін халық санағында казактар сословие емес, дербес ұлт ретінде атап көрсетіледі. Бұл туралы «Национальный акцент» хабарлады.
Ресей федеральды мемлекеттік статистикалық қызметі ұлттар тізбесіне «казак» және «дон казагы» деген жеке ұлттарды енгізуді қолдады. Мұны Ростовстат басшысы Марина Самойлова мәлімдеді.
«Ресейстат ұлттық тек туралы сұраққа жауап беретін ықтимал нұсқалардың екі мыңнан аса ұлттардың сөздігін құрастырып бекітті. Олардың ішінде «казак» сөзі қолданылатын 13 вариант бар», – деді Самойлова.
Ростов облыстық статистикасының басшысы анықтамаға «орыс казагы», «дон казагы», «православ казагы» секілді ұлттардың кіргенін айтып берді.
Бүкілресейлік халық санағы 2021 жылдың күзінде өтеді.