Минниханов Татарстан халқынан татарша хат жазуды сұрады
ҚАЗАН. 29 наурыз. Татарстан президенті Рустам Минниханов республика аймақтарында тұратын тұрғындардан хатты татар тілінде жазуды сұрады. Бұл туралы «Национальный акцент» хабарлады.
«Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов аймақтар тұрғындарын Ресейдің түкпір-түкпірінде тұратын татардың көрнекті өкілдеріне хатты татар тілінде жазуға шақырды», – делінген хабарламада.
Республика басшысы өзінің парақшасына осы жобаның негізін қалаушы Энже Садыкованың қатысуымен ролик жариялады. Онда Садыкова татар ұлтының орасан зор жетістіктерге жетіп жүрген жүзден астам көрнекті өкіліне татар тілінде хат жазып жатқаны көрсетіледі. Ол бұлардың алғашқысы етіп ашық хатты Миннихановтың өзіне жазған екен.
Осыдан кейін республика басшысы әлеуметтік желіде #хатларязыгыз хэштегімен пост (жазба) жариялап, онда татарстандықтарды акцияға бір кісідей қатысуға шақырды.