Татарстан басшысы Кадыровтың түрмедегі адамды ұрған ұлын марапаттады
ГРОЗНЫЙ. 25 қазан. Татарстан басшысы Рустам Минниханов шешен лидері Рамзан Кадыровтың қамауда отырған адамды ұрған сотанақ ұлы Адамға марапат тапсырды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Татарстан басшысы Кадыровтың 15 жасар жүгермегіне ұлт аралық әлемді нығайтқаны үшін орденмен наградтады. Сонда Адам Кадыровтың татарлар жабылып таң қалатын «көзсіз» ерлігі Құранды өртегені үшін қамауға алынып, уақытша ұстау оқшаулығында аяқ-қолы байлаулы отырған волгоградтық кісіні бақылаушылардың қоршауында барып ұрғаны болыпты! Соның арқасында томпиған топ-толық бала әлемдегі ұлт аралық қатынасты нығайтып жібергенге ұқсайды! Қандай керемет!
Татарстан басшысы Рустам Минниханов сол үшін оның омырауына «Дуслык» деген орденді өзі тақты. «15 жасар капитанның» марапат алу салтанатына әкесі Рамзан Кадыров, нағашысы, дума депутаты Адам Делимханов қатысыпты.
Кейінірек Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров ұлы Адамның аталмыш орденді алып жатқан видеосын әдеуметтік желіде тарата отырып, оны Грозныйға жұмыс сапарымен келген Рустам Миннихановтың өзі тапсырып кеткенін атап өтті.