Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Елордада жемқорлық фактісін жеткізгендер сый-сияпат алады

НҰР-СҰЛТАН. 3 наурыз. Еліміздің байтағында сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған кісілерге көтермелеу шаралары көрсетіледі. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Бүгін «Antikor ortalygy» алаңында Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға қандай көтермелеу көзделгені туралы айтып берді.

Эфир барысында Бақытжан Ниязов Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де тәсілмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленетінін атап өтті.

Осылайша, азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді.

Егер пара сомасы 1000 АЕК-ке дейін құраса, онда көтермелеу қылмыс санатына байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы Әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК, онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК, орташа ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК, ауыр қылмыстар бойынша – 70 АЕК, ауыр – 100 АЕК).

Егер пара немесе залал сомасы 1000 АЕК-тен жоғары болса, онда көтермелеу осы соманың 10 пайызын құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды.

«Мәселен, өткен жылы елордалық департаменке сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған біршнеше азаматқа сыйақы төленді», – деді Бақытжан Ниязов.

Ағымдағы жылдың басынан бастап департамент сотқа бірнеше қылмыстық іс жолдады, олар бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтардың өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы мәселе сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатын болады.

Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болатындығын да атап өткен жөн.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне немесе 1424 бірыңғай Call-орталығына хабарлай алады.

Тікелей эфир сілтеме:

https://fb.watch/3-cLAx_c1p/

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button