ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Жириновский қызметтен кететіні туралы арыз жазды
МӘСКЕУ. 3 наурыз. Ресейдің ЛДРП партиясының басшысы Владимир Жириновский өзінің барлық қызметінен қашан кететінін айтып берді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Мен өзімнің барлық қызметтерден кететін уақытымды атап көрсетіп, арыз жазып қойдым», – деді ол «Говорит Москва» радиостанциясына берген сұхбатында. Оның айтуынша, бұл мерзім өзінің 90 жасқа толатын шағы – 2036 жылдың 1 мамырына тура келеді екен. Осыған орай партия серкесі күні кеше ғана 90-ға толған Михаил Горбачевті еске алды.
Жириновский сондай-ақ алдағы партия съезінде өзін жіберу туралы мәселе қозғайтынын, бірақ партияластардың мұны жібере қоймайтындарын жеткізді. Сондықтан орнына лайықты ізбасар табылған кезде өзі-ақ кететінін білдірді.