Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Трамп сайлау қорытындысын сот арқылы бұзбақшы

ВАШИНГТОН. 18 қараша. АҚШ президенті Дональд Трамп сайлау қорытындыларын сот шешімімен бұздыруға әрекет жасап жатыр. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Трамп сайлау қорытындыларын сотта таласқа салмақшы. Бірақ оның ұмтылысы нөлге тән болып барады», – делінген хабарламада.

Себебі, соттар республикашылардың дәлелдерін айғақтары сенімді емес деген желеумен қабылдамай жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамптың төңірегіндегі оқиғалар тура Мерфидің заңы бойынша нашардан жаманға қарай ойысып барады. Ол сайлау өткелі бергі екі аптадан бері өзінің жеңілгенін мойындамай отыр. Бірақ қарсыласы Джозеф Байденнің арам жолмен жеңген болып отырғанын әлі толық дәлелдей алмай келеді. Федералдық деңгейдегі де, штаттық деңгейдегі де соттар олардың жинаған «дәлелдерін» сенімді емес деген вердиктпен қабылдайтын емес.

Соған қарамастан, Трамп өзінің соңына дейін баратынын қайта-қайта айтып отыр. Ол демократ Байденмен сырттай полемикаға түскенін жалғастырып келеді. Ал Байден 12 желтоқсанның жетуін асықпай күтіп жүр. Заңға сәйкес, осы күні барлық 50 штаттағы сайлау нәтижелері ресми түрде жарияланады. Егер соған дейін ешқандай өзгеріс бола қоймаса, ол 538 таңдаушының 306-сының даусын алып, Ақ үй күресте жеңіске жетеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button