Ресей құрамасы Молдованы Дзюбасыз жеңе алмады
КИШИНЁВ. 13 қараша. Кеше Молдова байтағында сол елдің құрама командасымен жолдастық кездесу өткізген Ресей терме жамағаты 0:0 есебімен тең ойнауға мәжбүр болды. Бұл туралы «Чемпионат.com» хабарлады.
«Біздің бәріміз Ресей құрамасының Артём Дзюбасыз қалай ойнайтынын көргіміз келіп еді. Несі бар, мойындаумыз керек, бүгін Кишинёвте көргеніміз қарын ашырды. Соңғы 13 матчының 12-сінде ұтылған Молдавия құрамасы біздің команданы барынша қайтарып бағып, жалпы тең ойынға еңбек сіңірді. Ресей құрамасының ұтыссыз сериясы төрт матчқа дейін ұлғайды», – деп жазды портал.
Бұдан әрі сайт бас жаттықтырушы Станислав Черчесовтың бірнеше жаңа ойыншыны ойынға қосқанын атап көрсетіп, олардың шеберліктеріне баға береді. «Егер Фёдор Чалов Дзюбаның позициясында алаңға шыққан болса, Георгий Джикия оның капитандық белгісін тақты. Фёдор өзін жан-жақты көрсетуге барып салды, бірақ ондай бола алмады. Оның орнына шыққан Соболевтің белсенділігі артықтау болды», – делінген бұдан әрі.
Ресейліктер бірінші таймда қақпаға қарай ұрудан қарсыластарынан 9:4 есебімен басым түссе, туралай соққыдан 5:1 есебімен артық шығады. Ал екінші таймда қақпаға қарай ұрудан 9:0 есебімен алда болады. Бірақ екі құрама да қақпа шеңберіне туралай ұра алмайды.
Сонымен, ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Ресей құрамасы мен «Зенит» командасының орталық шабуылшысы, екі команданың да капитаны Артём Дзюбаның бұл ойыннан аластатылуына соның алдында әлеуметтік желіде ол туралы интимдік видеоның жариялануы себеп болды.
Бұдан бұрын желіге түрі Ресей құрамасының капитанына келіңкірейтін жігіт көрсетілген интимдік видео түсіп қалған болатын. Осы инциденттің қызуында Дзюба өзінің Instagram-дағы профилін жапты. Ал құраманың бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов футболшыға ара түсу орнына, шуылдасқан жұрттың ықпалында кетіп, мәселенің мән-жайын да анықтап алып жатпай, бірден оны ұлттық команданың қараша айындағы ойындарына шақырмайтынын мәлімдеді.
Жексенбі күні Ресей чемпионатының 14-турында «Зенит» өз алаңында «Краснодарды» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ол ойында алаңға Дзюба да шықты. Бірақ оның жеңінде капитанның шүберегі болған жоқ. Ал дүйсенбі күні «Зениттің» фанаттары Артёмнің әрекетін клубтың атына «түкіргендік» деген баға берілген мәлімдеме жариялады.
Мұның бәріне соңынан УЕФА да, Ресей мемлекеттік думасының мүшелері де «қыртылбай тірлік» деген уәж білдірді. Еуропа футбол ассоциациясы фанатсымақтардың өзіне жолдаған мына мәлімдемесіне орай оларға: «Бұл – клубтың ішкі мәселесі, одан бізге келіп жатқан залал жоқ, сондықтан біз бұған жауап та бермейміз, футболшыны айыптай да алмаймыз» деген жауап қайтарды.
Бейсенбі күні Мәскеуде фанаттар Дзюбаны қорғаған митинг өткізді. Олар мұны «Бұл – ұят емес» деген тақырыпта ұйымдастырды.
Ал Ресей мемлекеттік думасының мүшесі Дмитрий Свищев «Зениттің» форварды Артём Дзюбаға қатысты оқиғаны қоюландыра бергенді тоқтатуды талап етті. «Бұл тақырыпты қоқсыта бергенді қою керек, – деді ол «Спорт-Экспрсс» газетіне берген сұхбатында. – Мен мына митингіні де Дзюбаның пайдасына шешіле қоймайды деп есептемеймін. Мұны кім өткізген, бұл біреулер үшін қызық шығар? Хайп ұпайын бұлай жинауға болмайды. Бәрі өтті де кетті, бітті. Бұл ешкімге де керек емес. Дзюбаға да өзінің төңірегінде әлдеқандай бір ажиотаждың болып жатқаны керек емес. Менің қарапайым пікірім мынау – адамға тыныштық беру керек, оның мазасын орынсыз алмау керек. Бұл – оның жеке шаруасы».
Мұндай пікірлерді думаның тағы бірқатар мүшелері де білдірді.