Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Жанболат Ағаділді өлтірді деген күдіктілер қолға түсті

АСТАНА. 12 қараша. Белгілі оппозиционер марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың өліміне қатысты күдіктілер ұсталды. Бұл туралы ақпарат құралдарының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осыған қатысты анықтама берді. Ол Жанболаттың өліміне қатысы бар күдіктілердің құлып астына алынған айтты.

Оқиға елорда шетіндегі «Көктал» шағын ауданында орын алған. Мұнда «Талапкер» ауылынан 20 жас жігіт келіп, осында бір кәсіпорында жұмыс істеп жатқан құрылысшылармен төбелескен. Оның барысында біреуі Жанболатқа пышақ салып алған. Ол оқиға болған жерде жантәсілім еткен.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button