Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында тағы жанжал шықты
ДУШАНБЕ. 26 қазан. Кеше Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында қақтығыс орын алды. Бұл туралы өзбек тіліндегі Qalampir.uz порталы хабарлады.
Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасаған портал әуелі қырғыздардың қару қолданғанын алға тартады.
Алдын ала болжам бойынша, екі жақта да зардап шеккендер жоқ.
«2020 жылдың 25 қазанында сағат 15:30-да (Ташкент уақытымен 15:30-да) Исфара ауданында (Тәжікстанның Соғды облысы) орналасқан Ходжай-Ало ауылының тұрғындары ескі құбырларды ауыстыруға әрекет жасаған», – делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, сол кезде 25-30 қарулы қырғыз шекарашысы ауылға жақындап, жұмысты тоқтатуды талап еткен. Олар аймақтың бұл бөлігі даулы екенін атап өтті. Мәлімдемеде жергілікті тұрғындар қырғыз шекарашыларының атуынан зардап шекпегені айтылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл оқиғаны қырғыз шекарашыларының «екі елдің шекарасындағы жағдайды қиындатуға бағытталған кезекті арандатушылығы» деп атады. Сондай-ақ, қақтығыс орнында жұмыстың тоқтатылғандығы, Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара қызметтері екі елдің жергілікті билік өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы хабарланды.