Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Қырғыз президенті өзінің қызметтен кететін кезін айтты

БІШКЕК. 9 қазан. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков өзінің атқарушы биліктің легитимді басшыларын бекітіп, елді заң жолына қойып бергеннен кейін қызметінен кетуге даяр екенін айтты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Бізге қазіргі қалыптасып отырған жағдайдан барынша тез шығып кету керек», – деді Жээнбеков өзінің баспасөз қызметі таратқандай.

Президент сондай-ақ мынадай дағдарыстан кейін премьер мен үкімет мүшелерін отставкаға жіберуге әзір екенін білдірді.

Мемлекет басшысы «ешқандай лауазым мемлекеттің тұтастығынан, халықтың бірлігі мен қоғамың тыныштығынан жоғары емес» екенін алға тартты. Оның бағалауынша, елдегі «саяси ахуал өзінің ақырғы нүктесіне жетіп отыр».

Жээнбеков бұдан әрі қырғыз парламенті сайлауының қорытындыларын есепке алмай тастағанын еске салды. «Бұл жөніндегі шешімді Орталық сайлау комиссиясы шығарады. Осының өзі елдегі қауырт жағдайды баса түседі», деді ол.

Президент барлық саяси күштерді елде тыныштық сақтауға шақырды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button