ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Армян басқыншылығын тоқтататын кез келді – Ердоған

ЫСТАНБҰЛ. 28 қыркүйек. Түркия президенті Тайип Реджеп Ердоған аймақта армян оккупациясынан басталған дағдарысты біржола аяқтайтын мерзім жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы «Anadoly» ақпарат агенттігі хабарлады.

Бүгін Түркия президенті армян-әзербайжан аумағындағы дүрбелеңнің өсе түскеніне байланысты осыны айтты. Ол арнайы конференцияда сөйлеген сөзінде армяндар басып алған Әзербайжан жерін тез азат етудің ғана бұл өлкеге тыныштық әкелетінін айтты.

«Мен тағы да Әзербайжан жеріне кезекті шабуыл бастаған Арменияның әрекетін айыптаймын. Түркия барлық мүмкіндіктері арқылы дос әрі туыс Әзербайжанға қолдау көрсетуді жалғастыра береді», – деді түрік лидері.

Ердоған Әзербайжанның заңды территориясын босатып бергеннен басқа әрекеттердің бәрі тек Арменияның мүддесі үшін қызмет ететінін, оның әділ де, заңды болып шықпайтынын алға тартып, өзінің мұндай жағдаймен ешқашан келісе алмайтынын білдірді.

«Оңтүстік Кавказдағы соңғы процестер –аймақтағы кереғарлықты әділ реттеуге ықпалы бар елдер үшін жақсы мүмкіндік. Осы мүмкіндік пайдаланылып қалатын шығар деген үміттемін», – деді Анодолы жерінің қожайыны.

Түрік мемлекетінің басшысы ОБСЕ-нің Минск тобы – АҚШ, Ресей және Франция елдері 30 жылдан бері осы шиеленісті шеше алмай келе жатқанын атап өтті.

«Олар керісінше проблеманы шешудің созыла түсуі үшін бірін жасап жатыр. Енді сол елдер жанжалдасып жатқан тараптарға әлденені үйреткілері келеді, кей кездері тіпті қорқытып-үркітуге барады», – деді президент.

«Жанжалға Түркия араласа ма? Жанжал аймағында түрік солдаттары бар ма?» Бұл сауалдарды қазір Сирияның қару-жарақ тиеген мыңдаған жүк көліктерін жеткізгендер қойып тұрады. Сирияның солтүстігін секторларға бөліп тастағандар, сол жақта әскери база жасағандар тап осылай дейді. Бұл туралы Сириядағы Халықаралық коалиция күштеріне қолдау көрсетіп жүргендер айтады. Қазір осы тұлғалар Кавказда қанша түрік әскері бар екенін және түріктердің қанша қару жеткізіп бергендерін сұрап қояр емес», – деп сөзін жалғады Ердоған.

«Бұл – жағдайды бұрмалаушылық. Құдды бір президент Ильхам Әлиев өздеріне есеп беруге тиісті сияқты. Әзербайжан 30 жыл бойы жағдайды тездетіп реттеп беретін шығар деп, сіздерді тыңдап келді. Басқыншылықта жатқан кімнің жері? Әзербайжанның жері! Бұл шындықты жоғарыда аталған елдердің бәрі біледі», – деді президент.

Ердоған Әзербайжанда елдерінен кетуге мәжбүр болған миллионнан астам босқын тұрып жатқанын әңгімеледі. Бірақ мұның өтеуін ешкім де Армениядан сұрамайды. Құдды ештеңе болмаған сияқты.

«Сосын әбден шыдамы таусылған Әзербайжан «Жетеді!» деп баян қылды. Жауапқа тартатын уақыт келді. Оны және өз күштерімен жасайды», – деп түйіндеді түрік лидері.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button