ПСЖ-«Марсель»: 12 ескерту, 5 алаңнан қуу! (Фото)
ПАРИЖ. 15 қыркүйек. Парижде бұрнағы күнгі футболдан бірінші лига чемпионатының 3-турында «Пари Сен-Жермен» – «Марсель» командалары арасындағы матчта дөрекіліктің рекорды тіркелді. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» хабарлады.
Кездесудің барысында алаңдағы арбитр екі жақтың ойыншыларына 12 сары, 5 қызыл қағаз көрсеткен. Төреші Жером Брисар бұдан бөлек екі голды санамай тастаған: бұлардың бірінде Ди Мария анық офсайдта болса, екіншісінде «Марсельдің» добы офсайдсыз, таза соғылған болатын.
Ойынның шарықтау шегі Неймармен қатысты болды. Ол 11-минутта-ақ сары қағаз алып үлгерді. Ал екінші таймда, шамамен 93-минутта қарсыластар қорғаушысы Альваро Гонсалеспен ұстасып қалды. Ол қарсыласының желкесінен ұстап, әлденелерді айтты. Арада бірнеше минут өткеннен кейін алаңның ортасында Паредеспен төбелесіп кетті.
Нәтижесінде Леван Кюрзава мен Жордан Амави, Бенедетто мен Парадес екінші қайтара сары қағаздан алды. Бәрі осылай басталды.
Ал төреші Жером Брисар ВАР экранын барып қарағанда, Неймардың жұдырығымен Гонсалесті желкесінен түйіп жібергенін көрді. Әрине, бұл алаңнан қууды керек ететін жағдай еді.
Неймар алаңнан кеткенде Альвароны расизмі үшін айыптап бара жатты. Мұны ол «Марсель» қорғаушысы жаққа қарата ишарамен көрсетті. Кейін резервтегі төрешіге Гонсалесті көрсетіп: «Расизм жоқ па бізде?» деп сұрады.
Telefoot арнасының тілшісі Альвароның бразилиялықты «қара» деп атағанын, ал ПСЖ-ның басқа ойыншысына: «Аузыңды жап, лас маймыл» дегенін келтірді.
Неймар шешінетін жерде «Мен осы ұсқынсызбен бетпе-бет келіп қалғаныма ғана өкінемін» деген твит жазды.
Алаңдағы айқас соңғы ысқырық естілгеннен кейін де жалғасып жатты.
Бұл матчта ПСЖ тағы да 0:1 есебімен жеңілді. Мұның алдында ол «Ланстан» да осындай есеппен ұтылған еді.
ПСЖ-ның спорт директоры Леонардо матчтан кейінгі сұхбатында болған жайларға төреші Жером Брисар кінәлі деп тапты. «Мен мұндай матчтарға неге Клеман Тюрпенді немесе Руди Букені төреші етіп белгілемейтіндерін түсінбеймін. Мына арбитрдың маңызды матчтардан тәжірибесі жоқ – Еуропа лигасында бір ғана кездесуге қазылық етті», – деді ол.
Айтқандай, Брисар биылғы маусымда Еуропа линасында бір ғана кездесуге – «Хетафе» мен «Базель» арасындағы матчқа төрешілік еткен еді. Сол ойында ол ойыншыларға 11 сары, 1 қызыл қағаз көрсетіпті.
- Түйіні: 12 сары және 5 қызыл қағаз. Францияның 1 лигасының XXI ғасырдағы дөрекіліктің рекорды
- ПСЖ өз тарихында осымен екінші рет чемпионаттың алғашқы екі турында жеңіліске ұшырап, тіпті бір гол да соға алмай бастап отыр. Бұдан алдын мұндай жағдай 1978/1979 жылғы маусымда орын алған еді.
- ПСЖ биылғы жылғы ең соңғы голын Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Лейпцигпен» өткізген кездесуінің соңғы минуттарында соққан. Содан бері 270 минут «құрғақ» өтіп келеді.
Сонымен, алаңнан қуылғандар:
Леван Кюрзава (97), Леандро Паредес (98), Неймар (99) – ПСЖ;
Жордан Амави (97), Дарио Бенедетто (98).
Ескерту алғандар:
Неймар (11), Алессандро Флоренци (13), Хуан Бернат (52), Леандро Паредес (72), Анхель Ди Мария (74) – ПСЖ;
Хироки Сакаи (7), Димитри Пайет (11), Папа Гуйе (38), Альваро Гонсалес (50), Максим Лопес (70), Дарио Бенедетто (71), Кевин Стротман (91).