Ғалымдар коронавирусты түп жойып жіберетін дәрмек тапты
ПИТТСБУРГ. 15 қыркүйек. АҚШ-тың Питтсбург университетінің оқымыстылары SARS-CoV-2 жаңа коронавирусын толық залалсыздандыратын ең кішкентай биологиялық молекуланы ойлап шығарды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Америка ғалымдары зерттеу жұмысының қорытындыларын Cell журналында жариялаған. Ондағы мәліметтерге қарағанда, жаңа препарат белоктық қосындылардан тұрады. Ол толық мөлшерлі антителдан 10 есе кіші. Тап осы дәрмек COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы Ab8 дәрісін жасауға қолданылған.
Зерттеу Ab8-дің шынында ковидтің алдын алу мен емдеуде өте тиімді болып шықты. Оның тышқандар мен егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибесі Ab8 өте аз көлемде егілгеннің өзінде кеселдің мөлшерін 10 есеге дейін түсіріп жіберетінін көрсетті.
Молекуланың көлемі өте кішкентай болғандықтан, бұл оның тканьдардағы диффузиясын ұлғайтуға мүмкіндік береді, соның арқасында вирусты толық зазалсыздандыруға болады. Бұған қоса, оны кері әсерлері жоқ.
Бұл зат 100 миллиард ықтималды молекулаларды тез анализ жасау барысында табылған.