Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Флоридада 8-дегі бала мұғалімін «ұрғаны» үшін қамалды

НЬЮ-ЙОРК. 13 тамыз. АҚШ-тың Флорида штатында 8 жастағы мектеп оқушысы мұғалімін «ұрғаны» үшін тұтқынға алынған. Бұл туралы Americaru хабарлады.

Азаматтық істер жөніндегі адвокат Бенджамин Крамп түсірген видеода полицейлердің мүмкіндігі шектеулі 8 жасар баланың қолына кісен кигізуге әрекет жасап жатқаны көрінеді. Ки-Уэст қаласында тұратын бала жұдырығымен мұғалімінің кеудесінен түйіп жіберіпті-міс. Ал баланың білезігінен кісен шығып кете бергесін, оны үш полиция офицері үш жағынан алып кетеді.

Крамптың айтуына қарағанда, бала өте эмоционалды және мінезі аумалы-төкпелі екен. Ол енді қылмыс жасады деп айыпталып отыр. «Бұл біздің білім беруші және полиция жүйесінің балалармен қылмыскерлерге қарағандай қарым-қатынас жасасып, оларды қалай қылмыскер болуға тәрбиелейтінін көрсетеді», – деді ол.

Крамп пен оның азаматтық істер жөніндегі әріптесі Девон Джейкоб бала мен оның анасы Бьянка Дигеннаро атынан федералды талып-арыз берді. «Менің ұлым мүгедек, ал билік оны қылмыстық жауапкершілікке тартпақшы», – деді Дигеннаро.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button