Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
Чемпиондар лигасы. Ширек финал жұптары анықталды
СЬОН. 9 тамыз. Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалында бір-бірімен ұшырасатын командалардың аттары белгілі болды. Бұл туралы Eurosport хабарлады.
Матчтардың барлығы алдағы аптада Португалия жерінде өтеді.
Сонымен, мына командалар өзара кездеседі:
12 тамыз
«Аталанта» (Италия) – «Пари Сен-Жермен» (Франция)
13 тамыз
«РБ Лейпциг» (Германия) – «Атлетико» (Испания)
14 тамыз
«Барселона» (Испания) – «Бавария» (Германия)
15 тамыз
«Манчестер Сити» (Англия) – «Лион» (Франция)